Екі жұлдыз

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ  Ұлттық  медицина университетінің мәдени іс-шараларды қолдау аясында,тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, қалыптасқан дәстүрлі мерекелік шараның  бірі «Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауы өз мәресіне жетті. Осы ән-байқауға кафедрамыздың информатика пәнінің оқытушысы Баракова Әлия Шаризатқызы және 1-курс студенті Амангелді  Жанат қатысқан болатын. Сонғы 3- турда қатысушыларымыз «Балалық шаққа саяхат» әнін орындап шыгып, үш турдын қорытындысы бойынша 1- орынды еншіледі.