«Көптілді білім беру: кәсіби қазақ тілін оқытуды модельдеу»атты семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптар

04 қазан 2012 жылыС.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің  Қазақ тілі кафедрасында Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы,Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институттарымен бірігіп  «Көптілді білім беру: кәсіби қазақ тілін оқытуды модельдеу»атты семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптар өткізілді.

Семинар-тренингті С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры,  медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А. Ақанов ашып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қазіргі хал-жағдайы мен болашағы жайында сөз етіп, өткізіліп отырған семинар-тренингтің ең келелі де тәрбиелі маңызы зор екендігіне баса назар аударып өтті. Келген қонақтар мен ұйымдастырушыларға зор ықыласын білдірді.

Семинар-тренингті осы конференцияны ұйымдастырушысы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Суатай Сәбит Құрманжанұлы жүргізді.

Аталмыш семинар-тренинг төмендегідей секциялар бойынша жұмыс істеді:

q  Заңгерлерге кәсіби қазақ тілін  оқыту (халықаралық қатынастар)

q  Экономистерге қазақ тілін оқыту

q  Медицина мамандықтарына кәсіби қазақ тілін оқыту

q  Техникалық мамандықтар бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту

q  Гуманитарлық мамандықтар (филология, аудармашы)

Кеш қонақтары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, ф.ғ.д.Б. Қасым«Кәсіби қазақ тілі типтік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы» атты баяндама жасап, қазіргі кездегі кәсіби қазақ тілі туралы келелі мәселелерге тоқталып өтсе, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтыныңпрофессоры, ф.ғ.д.З.Ш.Ерназарова«Кәсіби қазақ тілі курсы  бағдарламасының құрылымы мен мазмұны» тақырыбында ой салатын мәселелерге назар аударды. Ал, Қазақ  британ  университетініңпрофессоры, п.ғ.д.Ж.Дәулетбекова «Болашақ  кәсіби  маманның  интеллектуалдық  әлеуетін   арттырудағы  мемлекеттік  тіл  пәнінің  рөлі» атты тақырыпта баяндама жасады.

Түстен кейін 2 секция бойынша шеберлік сыныптар бойынша жұмыстар жүргізілді:

І секцияда:

1. Бекеева.Н. — ҚМЭБИ. ф.ғ.к. Мамандыққа бейімдеп оқытудағы тақырыптың жүйелілік мәселелері.

2. Әбдиева  Ш.Д.  — ҚМЭБИ.п.ғ.к.  Заң мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілін оқыту.

3. Смағұлова Р.  —  ҚМЭБИ. ф.ғ.к.     Аударма сабағында мәтінмен жұмыс істеу жолдары.

4.Доскеева Б.Ж. – С.Ж.Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ. ф.ғ.к. Студенттерге кәсіби медициналық қазақ тілін меңгертудегі әдістер.

5. Исмағұлова Н.С. —  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. ф.ғ.к. Кәсіби қазақ тілін  оқытудың  өзекті алғы шарттары.

ІІ секцияда:

1. Сарыбасова  А.  — ҚМЭБИ.  магистр. Іскерлік ойындарды модельдеу.

2. Құрманалиева А.  — ҚМЭБИ.  ф.ғ.к. Қазақ тілін оқытуда студенттің сыни ойлау дағдысын модельдеу.

3. Ерменбаева  Л.  — ҚМЭБИ. п.ғ.к.  Қазақ тілін шетел тілі ретінде оқыту мәселелерінен.

4. Зайсанбаев Т.Қ. — С.Ж.Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ. ф.ғ.к. Кәсіби қазақ тіліндегі құзіреттілікті меңгерту тәсілдері (Қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің студенттеріне).

5. Суатай С.Қ., Тәттібаева А.Е. —  С.Ж.Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ қазақ тілі кафедрасы. Кәсіби тілді стоматология мамандарына жаңа технологиялармен меңгерту түрлері.

Әр шеберлік сынып өткізушілердің өткізген сабақтары өте қызу талқыланып, семинар-тренингке қатысқан әр ЖОО-рының шеберлік сынып жүргізушілеріне әртүрлі мамандықтар бойынша тәжірибе алмасуы іспеттес өте жоғары деңгейде өтті. Семинар-тренингтің соңынан қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Семинар-тренингті ұйымдастырушылар ретінде кафедра меңгерушісі С.Қ.Суатайға, кафедра доценті Р.Н.Дәрменқұлова мен аға оқытушы А.Е.Тәттібаеваларға алғыс білдірілді.