Шет тілдер кафедрасында «Мәңгілік естен шықпас есімдер» атты дөңгелек үстел өткізілді. (жауапты оқытушылар: аға оқыт. З.М.Мезгильбаева, оқыт. З.Т.Ултанбекова.)

Дөңгелек үстелді ұйымдастырудың негізгі мақсаты болашақ жастарды Отанды сүюге, өзге ұлт өкілдерін ата-бабаларымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс шараға Жалпы медицина факультетінің 11-038 (1,2), 10-012 (1)топтары  және кураторлық топтарының (10-048, 10-049, 10-050) студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасы төмендегідей:

1. Ұлы Отан соғысының тарихы.

2. Соғыс жылдарындағы бейне материалдар мен  көріністер.

3. Сұрақтар бойынша пікір-талас.

Іс шараның соңында студенттер ҚазҰМУ-дағы қаһарман медиктердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.