Құттықтаймыз

2012ж. 18 сәуір күні № 401 аудиторияда Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра ардагері доцент Құнантаев Мұздыбай Құнантайұлынаң 85 жылдық мерейтойын Республикалық Әз-Наурыз мерекесімен ұштастыра отыра кеш өткізілді.

Аталған іш-шараға университеттің кәсіподақ комитетінің төрағасы м.ғ.д. профессор Датхаев У.М., университет ардагерлер кеңесінің төрайымы т.ғ.к. доцент Укумбаева Қ.У., Алмалы ауданының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Амирханов Жақсылық Нұртазаұлы және Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беру жөніндегі комиссиясының төрайымы Сатыбалдина Хадиша Жақсылыққызы қатысты.

Кеште Мұздыбай Құнантаевтан 1950-1980жж. білім алған Университетіміздің танымал тұлғалары Жанар Ғабиденқызы Мұстафина, Қатира Өмірзаққызы Урумбаева , Убайдулла Махамбетұлы Датқаев студенттерге өз естеліктерін айтса, кафедра меңгерушісі доцент З.У. Бисембаева, аға оқытушы Ғ.Т. Рсалдина М.К. Құнантаевтың 1994ж. дейінгі ұжымдағы орны мен рөліне тоқталып өтті. Кеш әдеби — музықалық түрде жүргізілді.