25.05.12 күні медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс – шара ұйымдастырды

Шараға ректордың кеңесшісі профессор Ж.Ғ.Мустафина, жалпы медицина факультетінің 1 курс және денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент факультетінің 3 курс студенттері қатысты. Бағдарлама бойынша студенттер өздері дайындаған көріністер, видеороликтер көрсетілсе, сонымен қатар өздері шығарған өлеңдер мен әндер  шырқалды.