Велошеру

Қазанның 5 күні қаламызда велосипед спортынан (Тур Алматы-2013) бір күндік халықаралық жарысын насихаттау мақсатында Алматы қаласының әкімі А. Есімовтің қатысуымен велошеру өткен болатын. Велошеруге университетіміздің дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасының оқытушысы Буткей Сәбит студенттермен бірге  қатысып, арнайы сыйлыққа ие болды.

120131005_083428 20131005_091049 20131005_082736 20131005_083316

Поисковые слова::

Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы

Кафедра  тарихы.  Дене  1935  шынықтыру  кафедрасы  жылы  құрылды.  Бірінші  кафедра  меңгерушісі  болып  (1935 – 1938 ж. ж.) Попова  Е. Н. болды.  1938  және 1940  жылдары  кафедраны    Макаренко Б. Г. басқарды.  1940  және  1952  жылдары   Гут  А. Г.  басқарса,  содан  кейін  1925  және  1973  жылдар  аралығында    Сералиев  М. С.  1974  және  1980  жылдары  Иванов  И. П.,  1981 – 1995  жж.  Смирнов  В. М.  1996 – 2008  жылдар  аралығында  кафедраны   доцент  Рябцов  Ю. А.  басқарып  келді.

1952 – 1973  жылдары  М. С. Сералиева  кафедра  меңгерушісі  болып  қызмет  істеген  кезде  кафедраның  материалдық – техникалық  базасы  көп  нығайды.  1200  шаршы  метрлік  ауыр  атлетика  спорт  кешені  салынды.  1951 – 1973  жыл  аралығында  Ыстықкөлдің  жағасында  спорттық  емдік  қызмет  істей  бастады.  Жазғы  кезде  жүзден  астам  студенттермен  Университет  қызметкерлері  демалды.  Кафедра оқытушыларымен  әр  спорт  әр  спорт  түрлерінен  20 – дан  астам  спорт  шебері,  спорт  шеберлігіне  үміткер  және  жүз  шақты   1,2,3  разрядты  спортшылар  дайындалды.

ҚазҰМУ  мақтаныштары  Олимпиада  чемпионы  Олег  Антропов  (волейболдан)  және  КСРО  құрама  командасының  капитаны  Сергей  Котенко  (су  добынан).

Көп  жылдар  бойы  кафедрада  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері  доцент  М. Б. Брусиловский,  аға  оқытушы  А. П. Спивакина,  аға  зертханашы  М. Т. Кудряшева  қызмет  етті.

2008  жылдан  қазіргі  уақытқа дейін  п.ғ.к.  доцент  Т. С. Бекболатов  кафедра  меңгерушісі  болып  қызмет  атқаруда.  Кафедраның  мақтаныштары  болып  кафедра  оқытушылары:  Олимпиадаға  қатысқан  халықаралық  дәрежедегі спорт  шебері  Ж. Ж. Сатубалдин  Сидней,  Австралия,  2000  ж.  суда  есуден  халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері,  А. Ж. Иманбаев  2008  ж  грек – рим  күресінен  ҚР  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы.

Атлант,  АҚШ  1996  жылы,  Афина  Греция  2004  жылы  садақ  ату,  Олимпиада  ойындарының  бас  жаттықтырушысы   А. П. Короткий.  Ұлттық  Олимпиада  комитеті  орденінің  иегері,  жеңіл  атлетика  ҚР  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы  2008  жылы  Пекинде  өткен  мүмкінділігі  шектеулі  спортшылардың  бас  жаттықтырушы  В. М. Радоснов.

Бокстан  1975 – 1977  жылы  Германия    және  Польшада  өткен  бес  халықаралық  турнирдің  жеңімпазы  спорт  шебері   А. Н. Самойленко  болды.

Кафедрада  студенттер  арасында  тәрбие  жұмысын  келесі  негізгі  бағыттар  жүргізіледі:

Тәрбие  жұмысы-бойынша «Экстремиз және терроризм»,    «Ішімдіктің және шылымның денсаулыққа зияны»,    ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылда жеткен спорттық жетістіктері, «Рухани келісім апталығы» тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер жүргізілді.

Бұқаралық–спорттық  жұмысы,  салауатты  өмір  салтын  насихаттау,  жатақанадағы  іс-шаралар,  патриоттық,  құқықтық  және  еңбек  тәрбиесі,  университет  аралық  жоғары  оқу  орындары  аралық  іс – шаралар.

Бұқаралық  — спорттық  жұмыстар  Қаз ҰМУ  ректоры  бекіткен  спорттық  іс – шаралар  жоспарына  сәйкес  негізделген.  Университеттің  спорт  базасында  спорт  түрлерінен  машықтану  сабақтары  жүргізіледі.  Волейбол,  бокс,  грек–рим  күресі,  қазақша  күрес,  дзюдо,  самбо,  жеңіл  атлетика,  атлетикалық  гимнастика, шағын футбол,  баскетбол,  ырғақты  гимнастика,  кикбоксинг.

Жыл  сайын   Университетке  бірінші  курс  аралық  және  факультет  аралық  Спартакиадалар  өткізіледі.

2009 ж. ҚазҰМУ  студенттері  дене  тәрбиесі  және  денсаулық  кафедрасы  оқытушыларының   басшылығымен  ҚР  V жазғы  Универсиадада  7-орынға  ие  болды.

Соңғы  жылдағыдан  кафедра  бірінші  рет  2009 – 2010  оқу  жылында  Қаз ҰМУ — дың   80 – жылдығына  байланысты  Профессорл-Оқытушылық  Құрамы  арасында  төрт  спорт  түрінен  Спартакиада  өткізілді.

2011-2012 оқы жылында ҚР ЖОО орындарының студенттері арасында V қысқы Универсиада бес спорт түрлерінен: шаңғы спорты., Армрестлинг., Пауэрлифтинг., шағын футбол., Гір спортына студенттер қатысты.

Жалпы  айтқанда  кафедраның  жұмысы,  студенттерді  салауатты  өмір  салтын  сақтауға,  дене  шынықтыру  және  спорт  құралдары  арқылы  денсаулықты  нығайтуға  бағдарланған.  Осы  бағытта  ғылыми  және  әдістемелік  жұмыстар  жүргізіледі.  Болашақ  дәрігерлердің  кәсіби – қолданбалы  дайындығы  орындалады.

 

Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент                                            Бекболатов Т.С.

Поисковые слова::