Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен кафедрасы

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де бұйрық №23 28.08.2007ж ҚР БҒМ  серии АА №0000005 құрылып, 19 қараша 2001ж. және ҚР МЖБС 3.08.311-2006, ҚР МЖБС 5.03.002-2004 лицензиясына негізделіп келесі, мамандық бойынша түлектер дайындалып, шығарылуда.

050507 – Менеджмент (менеджмент бакалавр)

орта білім базасы негізінде (күндізгі оқу бөлімі) -4 жыл

орта білім базасы негізінде – мамандандырылған білім (сырттай оқу бөлімі)-3 жыл

орта білім базасы негізінде – мамандандырылған білім ОМБ (сырттай оқу бөлімі, мамандығы жақын емес) -5жыл

орта білім базасы негізінде – (сырттай оқу бөлімі) -2 жыл

050507 – Менеджмент мамандығының бакалавр түлектеріне – бакалавр менеджмент академиялық дәрежесі беріледі.

Бизнес және кәсіпкерлік, қаржылы-банктік жүйе, денсаулық сақтау мен фармация жүйесі, экономика секторы, бітіруші түлектердің мамандандырылған қызметтері болып табылады.

Мамандандырылған қызметтердің функциясына төмендегілер жатқызылады:

—  басқару мен өндірісті дамытуды жоспарлаудың негізгі бағыттары;

— өндіріс  объектісінің құрылымын реттеу және құрамын басқару, өндіріс аппараттарын орналастыру тиімділігін реттеу;

—  персонал мотивациясы және оны еңбекте қолдану;

—  басқару қызметін бақылау.

2009 жылы 6N1101 – Медицина (Қоғамдық денсаулық сақтау. Денсаулықты басқару) мамандығы бойынша алғашқы бітіруші түлектер болып,  магистранттар  болды. 2009 жылдың қыркүйегінде 6N1101 – Медицина мамандығы қайтадан «Саясат және денсаулықты басқару» кафедрасына берілді де, «Философия, саясаттану, әлеуметтану және құқық негіздері» кафедрасы құрамындағы  «Құқық негіздері» секциясы «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасына ауыстырылды.

Кафедра құрылған күнінен бастап, мамандық бойынша келесі түлектер бітіріп шықты:

2007-08 оқу жылында  – 127 адам.

2008-09 оқу жылында  – 91 адам, оның ішінде  – 14 магистрантар.

2009-10 оқу жылында  – 169 адам.

Кафедрада отызға жуық пәндер жүргізіледі (Менеджмент және маркетинг негіздері, Менеджмент теориясы және тәжірбиесі, Қаржылық менеджмент, Өндірістік менеджмент, Маркетинг, Әлеуметтік ортаны реттеу, Әкімшілік құқық, Кәсіпкерлік құқық, Бизнесті ұйымдастыру, Персоналды басқару және т.б.).  Кафедрада ПОҚ–мен ПОӘК дайындалынған, курстық және дипломдық жұмысты орындау үшін, сондай–ақ, оқу және өндірістік тәжірбиені өту үшін әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламалар жасалынды. Мемлекеттік тілде (10 б.б) «Қаржылық менеджмент» курсы бойынша оқу әдістемесі жарық көрді.

Оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірбиелік жұмыстары кафедраның ПОҚ жетекшілігімен жүргізіледі.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасын  э.ғ.к. Жақсығұлова Гулзира Кенжеғұлқызы, ал, оқу ісінің меңгерушісі аға оқытушы Авгамбаева Нағима Нұрсеитқызы атқарады.  «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасындағы профессор –оқытушы құрамы 12, оның  2–і қосымша (Қазақстан-Британдық Техникалық Университеті, Т.Рыскулов  атындағы ҚазЭУ және т.б.) сияқты,  Алматының жетекші оқу орындарынан (оның ішінде: 4– доцент, 6–аға оқытушы, 6 –оқытушы), кафедраның дәрежелігі 34% құрайды.  Мемлекетік тілде 10 оқытушы сабақ береді, ал бұл (84%), оның ішінде 4 оқытушы ғылыми дәрежемен. Кафедрадағы ПОҚ-ң орташа жас шамасы 39 құрайды.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджментжәне маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасының меңгерушісі – 

э.ғ.к. Жақсығұлова Гулзира Кенжеғұлқызы

Әріптестердің әдістемелік жұмысы

Қазіргі уақытта кафедрадағы жұмыстар нығайтыла түскен:

— оқу- әдістемелік жұмысы;

«Денсаулық сақтаудағы маркетинг» пәні бойынша Жақсығұлова Г.К., Тұрсынбаева М.Ж. оқу әдістемелік нұсқауы;

—  Г.К Жаксығұлованың «Менеджмент» мамандығы студенттерін дайындаудағы интерактивті әдістемелік кешенін қолданудағы әдістемелік нұсқауы, Жақсығұлова Г.К., Тасмаганбетова А.А., Төлебаев Ж.С., Авгамбаева Н.Н., Байтекова К.Ж., «Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған оқу және өндірістік тәжірбиеден өтудегі әдістемелік нұсқаулықтары, Жақсығұлова Г.К., Меирбекова Е.М., Төлебаев Ж.С. «Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындаудағы әдістемелік нұсқауы;

—  мемлекеттік тілде құқықтық пәндерден оқу әдістемесі дайындалуда.

 

 

Кафедраның ғылыми жұмыстары

Кафедрада «Қазақстан Республикасының жаһандану кезіндегі, заманауи менеджмент» атты, иннициативалық ғылыми жұмыс жүргізілуде. Кафедраның ПОҚ-ы ҚР ЖОО-да өткізілетін жыл сайынғы республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуда: Авгамбаева Н.Н.  Алатау Университетіндегі «Ғылым-2030» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға, Меирбекова Е.М КазАТИСО–ғы «Экономиканың қазіргі мәселелері» атты халықаралық конференциясында баяндамамен шығып, конференция жинағында статьялары жарық көрді. «Менеджмент» мамандығының студентері кафедра оқытушыларының жетекшілігімен  оқу орындары арасындағы студенттік конференцияларға қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталынды.

Кафедра құрылған күннен бастап  ПОҚ–ы жүйелі түрде біліктіліктерін арттыруда, қазіргі уақытта ол 35 сертификатпен расталынады.

2 мен 21 сәуір аралығында оқыту бағдарламасы бойынша «Денсаулық сақтаудағы стратегиялық менеджмент», «Денсаулық сақтаудағы экономика» атты, тақырыпта экономика ғылымдарының докторы, профессор, Удин Мемлекеттік Университетінің (Удин қаласы, Италия) «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, (Копенгаген, Дания) ЖҚД Бюросының  Еуропалық аймақтық денсаулық сақтауды басқару кеңесшісі – Брузатти Лука Джованни Карло дәрістік және тәжірбиелік сабақ өткізбек.

 

Студенттік ғылыми кружок

Студенттің ғылыми зертеу жұмысы (СҒЗЖ) болашақ ғалымды және жоғарғы білікті маман дайындаудағы аса қажетті аспектілердің бірі. Сол себепті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасында «Менеджер-2015» ғылыми- студенттік кружок бар, кружок аясында студенттер тек білім мен жоғарғы біліктілікті қана игеріп қоймай, өздерінің иннтелектуалды ерекшеліктері мен лидердік қасиетерін шыңдай алады. Ғылыми- студенттік кружок студентке толық қанды ғылыми жұмысты бастауға, зерттеу жұмысының нәтижесімен бөлісіп, ақылдасуға мүмкіндік береді.

2011-2012 оқу жылы аралығында келесі іс -шаралар атқарылды.

1)      Студенттердің жыл сайынғы СҒЗЖ республикалық конкурсына қатысу үшін СҒЗЖ тақырыптары құрастырылып, бекітілінді және студенттер арасында таратылынып берілді. Ғылыми зерттеу жұмысын жазу туралы кеңестер өткізілінді. Жалпы, кафедраның ПОҚ–н тақырып бойынша жоспар құрастырылып, пікірлер берілді. 2012 жылдың қаңтар айында Университеттік СҒЗЖ Республикалық конкурсының бірінші кафедралық кезеңі өтті, ал ақпан айында екінші университеттік тур өтті.

2)      СҒК жетекшісі Нурпеисова А.А. ЮГРАД (The Eurasian Undergraduate Exchange Program) және Эдмунд Маски (The Edmund S. Muskie Graduate Fellowship Program) стипендиалық бағдарламасы негізінде презентация жүргізді. Ол студенттерге 2012-2013жж Евразиялық Стипендиялық (Global UGRAD)  бағдарламаның ашылғаны туралы ақпарат берді. Берілген ақпарат бойынша студенттер стипендиялық бағдарламаның мүмкіндігін пайдалана отырып, АҚШ–ң колледждері мен университетінде бір академиялық жыл ішінде оқуға болатынын білді.

3)      С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң визитинг профессор бағдарламасы аясында  2011жылдың қазан айында студенттер, сапа саласындағы лидер, «Басқарушылық талдау: сапаны басқару» атты, тақырыптағы  тәуекелді басқару және сапа сұрақтарын зерттеудің статитикалық әдісінің дәріскері доктор Зигмунд Блувбандтың жалпылама дәрісін тыңдады.

4)      2011жылдың желтоқсан айында СҒК мүшелерімен  Дүниежүзілік ЖИТС–ке қарсы күніне орай дискуссия отырысы болды. СҒК мүшелері Ерденбекова С және Өмірсерікова Э.,  тақырып бойынша баяндама дайындады. Өз кезегінде студенттер, бұл сұрақтың шығу тарихына тоқталып, Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күн (World AIDS Day) алғаш рет 1988ж 1желтоқсанында барлық елдердің денсаулық сақтау министрліктерінің дабыл қағып ақпараттандырғандарын  шыққанын айтты.  Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күн біріктірілген күштердің негізінде әлемнің барлық аймақтарындағы жастар арасында орын алып жатқан  ВИЧ-инфекциясына қарсылықтарын білдіріп, талқыға салды.

5)      2011жылдың желтоқсанында СҒК «экономикалық реформаға 20 жыл: қорытынды, тәжірбие, болашақ» атты, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 -жылдығына орай семинар-диспут өткізді. Іс- шараға басқа ЖОО өкілдері, ПОҚ қатысты. Барлық баяндаушылар өз баяндамаларында  республикамыздың 20–жылдық тәуелсіздігіміздің тарихына тоқталып кетті, мемлекетіміздің негізгі жаңалықтарына тоқталды, саяси-қоғамдық жетістіктер туралы ақпараттандырылды, Қазақстанның әлеуметті-экономикалық және мәдени-гуманитарлы дамуы туралы және ұлтаралық тұрақтылыққа баса көңіл бөлді. Сондай- ақ, қазақстанның сыртқы саяси инициативалары, әсіресе, ядролық қарусыздандыру саласына аса назар аударылды. Іс – шара барысында қатысушыларға Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінің тарихы туралы ақпарттық материалдар таратылды, сондай-ақ, «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20жыл» атты документальды фильм көрсетілді.

 

Қоғамдық жұмыс

ПОҚ мен студенттер кафедраның қоғамдық және мәдени жұмыстарға белсене қатысады,  олар: «Университет студенттердің санат қатарына алыну» және т.б., «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсынада оқытушы Байтекова К.Ж. бірінші орынды иеленді. Университеттің 80 –жылдығына дайындалынған стендттер: «Ата Заң», «Кафедра туралы», «Денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары» және кафедраның қызметі туралы видиоероликтер дайындалынды. Кафедраның ПОҚ  университетіміздің интерндеріне, аға лаборанттарына, оқытушыларына «Менеджмент» бойынша біліктілікті көтеру курсын дайындауда. Кафедраның ПОҚ қала мектептерінің ішінде профориентациялық жұмыс жүргізуде.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасы «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлестік күнін» тойлауда.

Тәрбие жұмысы 

2011жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай кафедрада «Студенттер жемқорлыққа қарсы!» лозунг негізінде бірінші курс студенттері арасында конкурс ұйымдастырылып, төмендегі үш номинациямен жүргізілді:

  1. Ең үздік агитациялық  плакат
  2. Ең үздік  антикоррупциондық видео-ролик
  3. Ең үздік  агитациялық парақша

Ең үздік  жұмыстар дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапаталынды.


Поисковые слова::