Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Қазақ  тілі  кафедрасы  өзінің   21  жылдық  тарихында көптеген  оқу-әдістемелік  жұмыстарын  атқарып, үлкен  жетістікке  жетті.  Кафедрада   типтік оқу бағдарламасы  басшылыққа  алынып,  студенттердің  сөздік  қорын  байытуға,  кәсіби лексиканы  дамытуға және болашақ  мамандығына  қатысты  қазақша    сөйлей  алу  қабілетін  қалыптастыруға  арналған  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  жарық көрді.

Доцент  Р.Н.Дәрменқұлова «Медициналық  мәтіндер  жинағы» (2001ж.) мен жалпы медицина факультетіне арналған «Қазақ  тілі  сабақтары»  (2007ж.) атты оқу құралын шығарды.

Доцент Б.Ж.Доскееваның авторлығымен «Қазақ тілі» Медициналық  оқу  орындарына  арналған оқу  құралы (2002ж.) және «Қазақ  тілі» Жоғары  оқу  орындарының І  курсына  арналған оқу құралы (2000ж.) шықты.

Доцент А.Т.Ақыжанованың «Мемлекеттік  тілді  оқып  үйренеміз» (2004ж), «Қазақ  тілі»  Мәтіндер  мен  жаттығулар (2005ж.) оқу құралы және кафедраның оқытушылары  Қ.Е.Хабдин  мен  А.Е.Тәттібаеваның  «Қазақ  тілі  сабақтары» (2001ж.)  атты  оқу  құралы  жарық  көрді.

Кафедра  оқытушылары  әр   факультетке  арнап  оқу  құралдарын  шығарды.

Аға  оқытушы  Ғ.Ж.Тұңғышбаева  стоматология факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) атты оқу құралын, оқытушы Ә.Ж.Қанапиянова фармацевтика факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) деген оқу құралын ұсынды.

Латын  тілінің аға оқытушылары  Р.Б.Тё мен  С.У.Жантасова  орыс  тілінде  «Сборник  упражнений  по  латинскому  языку  для  студентов  медицинских  факультетов»  (2006ж.) атты  оқу  құралын,  аға  оқытушы С.О.Жантасова  «Латын  тілі  жаттығулар  жинағын»  (2003ж.), С.Е.Тілегенова, С.О.Жантасова «Латын  тілі  типтік бағдарламасын» (2003ж.)  және аға  оқытушылар С.О.Жантасова, Б.Н.Нурмухамбетова «Латын  тілі  пәнінен  анатомиялық  терминологияға  арналған  тест  тапсырмаларын» (2006ж.) шығарды.  Сондай-ақ,  Т.Д.Татаренко  қазақ  және  орыс  тілдерінде  «Тесты  по  латинскому  языку по  анатомо- гистологической  терминологии   для  студентов  1  курса  КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова»   (2006ж.) деген  тест  жинағын  шығарды. Ал,  А.А.Тоқпанова  мен  Н.У.Абульхайрова  «Грамматика  латинского  языка  в  таблицах»  (2006ж.)  деген  оқу-әдістемелік  құралында  латын  тілінің  грамматикасын    кесте  үлгісінде   шығарды.   Латын тілінің оқытушылары   Т.Д.Татаренко,  А.А.Токпанова,  А.Д.Исабекова,  Е.К.Лисариди   «Тестовые  задания  по   латинскому  языку»  (2010ж.) атты тест тапсырмалар жинағын шығарды.

Кафедрада барлық факультетке арналған қазақ тілі мен латын тілінің жұмыс бағдарламасы және оқу-әдістемелік кешені жасалған.

Қазақ  тілі  кафедрасы  оқу-әдістемелік  жұмыстарын  мына  бағытта  жүргізеді:

Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай бір жерде тұра берер еді.

Доцент Исаева Жанар Тұрсынбайқызы кураторлық тобының студенттеріне қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы әңгіме-сұхбат жүргізуде

Тәрбие процесін ұйымдастырудың қағидалары:

Доцент Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы кураторлық тобымен бірге

Тәрбиенің бағыттары:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және мәдениеттік тәрбие
  • рухани-адамгершілік тәрбиесі
  • отбасы тәрбиесі
  • өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
  • әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
  • коммуникативті-мәдениетті қалыптастыру
  • экологиялық тәрбие
  • эстетикалық тәрбие
  • дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы ортаны қалыптастыру
  • еңбек және экономикалық тәрбие
  • кәсіби-шығармашылық тәрбие
  • интеллектуалды мәдениетті дамыту 

Аға оқытушы Ақлима Тілеуімбекқызы Рахымбаева жалпы медицина факультеті 80-куратор тобымен бірге университет мұражайында.

Поисковые слова::