Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент факультеті

Қоғамдық денсаулық сақтау оқу департаменті (бұдан әрі – ҚДС ОД) «Оқу департаменттерін ұйымдастыру туралы» ҚазҰМУ ректорының 2010 жылдың 18 тамызындағы №2156л бұйрығымен Ғылыми кеңестің шешімі негізінде (№ 10 хаттама 30 маусым 2010 жыл) құрылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау оқу департаментінің әкімшілігіне директор және хатшы берілген, олардың қызметі қызметтік нұсқаулармен регламенттелген.

ҚДС ОД бірінші директоры болып медицина ғылымының докторы, профессор (қазір ҚазҰМУ оқу және тәрбие жөніндегі проректоры) Қазбек Ағабылұлы Тулебаев тағайындалды.

2011 жылдың 17 қазанынан бастап ҚДС ОД директорлығына медицина ғылымының докторы, профессор Максут Адильханұлы Камалиев 2014 ж. конкурс бойынша бір ауыздан үш жылға өтті.

ҚДС ОД қызметі бекітілген Оқу департаменті туралы ережемен, әкімшілік жұмысы бекітілген лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттелді.

ҚДС ОД өз жұмысында бекітілгенжылсайынғы жоспарларды басшылыққа алады.

ҚДС ОД құрылымына оның бейініне сәйкес келетін кафедралар мен модулдер кіреді (ректордың 31.10.2014ж. № 1105 бұйрығы):

  • Еңбек гигиенасы (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д.,профессор Тогузбаева Карлыгаш Кабдешқызы),
  • Коммуналдық гигиена жәнебалалар мен жасөспірім гигиенасы (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д.,профессор Бекбосынов Темирхан Кадырбекұлы),
  • Халықаралық денсаулық сақтау (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д.,профессор Куракбаев Куралбай Куракбайұлы),
  • Нутрициология (кафедра меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Кайнарбаева Майгул Сейдуллақызы),
  • Жалпы гигиена және экология (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Кенесариев Усен Исмаилұлы),
  • Қоғамдық денсаулық сақтау (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Камалиев Максут Адильханұлы),
  • Денсаулық сақтаусаясаты және басқару (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д.,профессор Турдалиева Ботагоз Саитқызы),
  • Эпидемиология (кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Саттаров Адильгирей Икрамұлы),
  • Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері (модуль басшысы – м.ғ.д., доцент Испаева Гульнар Бахитқызы),
  • Тіршілікәрекеті қауіпсіздігінің негіздері (модуль басшысы – м.ғ.к., доцент Зикриярова Санам Максутқызы).

    ҚДС ОД негізгі жетістіктері:

  • С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттің медициналық білім беру үлгісіне елеулі үлес қосты.
  • ҚазҰМУсапа менеджменті жүйесін аккридиттеу және сертификациялық аудитте дұрыс қорытындылар берді.
  • Визитинг-профессорлар бағдарламасындағы жоғарғы белсенділік танытты.
  • Білім беру үрдісіне инновациялық технологияларды енгізді.
  • Бакалавриат-магистратура-докторантура арқылы «Зерттеу арқылы оқу» бағдарламасын жүзеге асырды.
  • ҚР Медициналық ЖОО білім беру бағдарламалар Ұлттық рейтингісіндегі бірінші орынды иеленді (2013 ж., 2014 ж.).
  • ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған оқулықтар, монографиялар, оқу құралдары басылып шығарылды; импакт-факторы бар журналдарда мақалалар жарияланды.
  • ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Үздік оқытушы-жеңімпаздары — профессор С.А. Амиреев (2012 ж.), профессор У.И. Кенесариев (2013ж.); ҚазҰМУқызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша – үздік профессор Б.С. Турдалиева (2013 ж., 2014 ж.), үздік доцент Г.Е. Аимбетова (2013 ж.).

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ОҚУ ДЕПАРТАМЕНТІ С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2014 ЖЫЛҒЫ ҮЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ.

Байланыстар: № 1корпус(интро IV), 259, 236 бөлмелер. Тел.:  7405, 7197.

e-mail: udoz_kaznmu@mail.ru