Modern student. What qualities does he possess?

Шет тілдер кафедрасында «Modern student. What qualities does he possess?» атты конкурс өтті (ұйымдастырушы аға оқытушылар Бикташева Г.М., Унасбаева Г.А.). Бұл конкурсқа  Жалпы медицина факультетінің 11-051(2), 11-052 (2),  11-044 (1, 2) топ студенттері қатысты. Команда капитандары Умирханова Альфия және Әбдіманап Амитахун. Сайыстың жүргізушісі 10-043 (1) топ студенті  Смагина Ирина.

Конкурс бағдарламасы келесі  кезеңдерден тұрады:

  1. Команда презентациясы.
  2. «Менің бос уақытым»,  «Менің университеттегі сабақтарым» деген тақырыптарға арналған конкурс.

3. Коммуникативті компетенцияны дамыту үшін

— «Менің отаным – Қазақстан»

— «Оқытылатын елдің тілі» атты тақырыптарқа байланысты слайд-шоу, салт-дәстүрлер, өлеңдер мен билер көрсетілді.

4. Ағылшын тіліндегі білім деңгейін тексеру.

Ұйымдастырушылар өтілген тақырыптар бойынша білімдерін қорытытындылау үшін командаларға бағытталған тапсырмалар, сөзжұмбақтар және пазлдармен жұмыс берді.

5. Пікір талас.

Пікір талас барысында студенттер келесі сұрақтарға жауап берді:

-Заманауй студент кім?

-ҚазҰМУ студенттерінің ар намыс кодексі не туралы?

-Сенің жемқорлыққа көзқарасың? — деген сұрақтарға жауап берді.

Шет тіліндегі ән сайысының жеңімпазы «Жалпы медицина» факультетінің 11-051(2) топ студенті Ибрагимов Алибек конкурс қатысушыларына арнап «Мен ҚазҰМУ студенті болғаныма бақыттымын!» атты өз әнін орындады.

Конкурс жеңімпаздарын Әділқазы алқасының мүшелері кафедра меңгерушісі, доцент Сүлейменова О.Я. , оқу ісі меңгерушісі, аға оқытушы Садыкова А:А. және аға оқытушы Мезгілбаева З.М. конкурс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен,  дипломдармен марапаттады.

Поисковые слова::