Модуль жөнінде жалпы ақпарат

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да 28.08.2007 жылдың № 23 бұйрығымен «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасы құрылды, 25.07.2012 жылы кафедра Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанындағы «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» модуліне қайта құрылды, ал «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының құрылымында болған «Құқық негіздері» секциясы жаңадан құрылған «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңдылықтар» модуліне ауыстырылды.

Экономиканың нақты секторы, денсаулық сақтау және фармация жүйесі, қаржылық-банктік жүйе, бизнес және кәсіпкерлік  5В050700-«Менеджмент» мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет сферасы болып табылады. Кәсіби қызмет функцияларына өндіріс және басқарудың дамуының негізгі бағыттарын жоспарлау, басқару құрылымын құру, персоналды ынталандыру, олардың еңбектерін ынталандыру, шоғырландыру мен басқару қызметінің барлық жақтарын бақылау жатады.

2009 жылы бірінші 6N1101-«Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттар бітірді. 2009 жылдың қыркүйек айында 6N1101-«Медицина» мамандығы жаңадан құрылған «Саясат және денсаулық сақтауды басқару» кафедрасына берілді.

Модульде жиырмаға жуық пәндер (менеджмент және маркетинг негіздері, менеджмент теориясы және тәжірибесі, қаржылық менеджмент, өндірістік менеджмент, маркетинг, бизнесті ұйымдастыру, персоналды басқару және т.б.) жүргізіледі.

Модульдің ПОҚ пәннің оқу-әдістемелік кешенін, бағдарламалар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар, оқу және өндірістік тәжірибені өту бойынша әдістемелік ұсыныстар жасады. «Қаржылық менеджмент» курсы бойынша қазақ тілінде (10 баспа бет) оқу құралы шығарылды.

Модульдің ПОҚ оқу және өндірістік тәжірибеге, бітірушілердің дипломдық жұмысына жетекшілік етеді.

Поисковые слова::