Тұңғыш Президент Күніне арналған іс-шара

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасында алғашқы жалпы халықтық Президент сайлауы өтті. Сайлауда сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысына ие болған Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті.

Сондықтан халқымыздың ұзақ жылдар бойы армандаған азат күні, Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекеттік ұлттық рәміздердің қабылдануы, бостан заманға қатысты тағы басқа игіліктердің бәрінің бастау бұлағы осы шақтардан басталады.

2011 жылғы 10 желтоқсанда ҚР парламенті «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша, 1 желтоқсан – мемлекеттік мереке, Тұңғыш Президент Күні. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет Басшысы аталмыш заңға қол қойды.

Н.Назарбаев 1993 жылы Қазақстан дамуының басты бағыт-бағдарларын анықтап берді. Ал 1997 жылы «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған. Онда: «…Қазақстан индустриялық-иновациялық елге айналуы керек» деген. Яғни, Қазақстан өзге елдердің тек шикізат шығаратын аймағы ғана болып қалмай, әлемде теңдессіз мол жер байлығымызды өзіміз өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуымыз қажеттігі де айтылған. Қараңыздаршы, соның бәрі бүгінде орындалып жатыр емес пе!

Тұңғыш Президент Күні құрметіне бүкіл Қазақстан бойынша көпшілікке арналған түрлі мерекелік шаралар: концерттер, спорт жарыстары, фильм көрсетілімдері өтеді. Мереке қарсаңында елімізде бірқатар қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Осы шара негізінде, яғни Тұңғыш Президент Күніне орай «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент» модулінің 1-курс «Мейірбике ісі»  мамандығының студенттері, Қарасай аудандық Тарихи – өлкетану музейіне барып қайтты.

Студенттер музейде Тұңғыш Президентіміздің балалық шағы, жас өспірім шағы, отбасы жағдайы және жеткен жетістіктерімен танысып шықты.

Поисковые слова::