АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне арналған университет тарапынан ұйымдастырылған оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өткізілген іс-шаралар атқарылды.

2012 жылдың 6 мамыр күні аптаның жексебісінде бұл шараға «Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану» кафедрасының оқытушылары Рсалдина Ғанижамал Төлеуқызы, Исаева Мейрамгул Ибадуллақызы, Илгидаева Сымбат Мошынқызы және «Мейірбикелік іс» факультетінің 2 курс студенттері Сазанбаева Анар, Төлендинова Гулмира, Әлімбаева Ырысхан атсалысты.

Тарихымыздың ең қасіретті жылдардың бірі Ұлы Отан соғысында жалындаған жастық шақтарын қару ұстап, Отан қорғап өткізген, соғыстан кейінгі жылдарда өмір жолдарын ғылым саласына арнап, біздің университетімізде 30 жылдан астам уақыт ұзтаздық еткен Омар Самиғулла Жақсыбаев пен Мұхаммеджанов Елжан Құсайынов қариялардың үйлеріне оқытушылар мен студенттер құттықтап барды. Аталған шара бойынша оқытушылар мен студенттер университет тарапынан берілген құттықтау қағазы, 10000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық және азық-түлік жәшігі сыйлықтары табыс етілді.

Студенттер мен құрметті ардагер арасында тарихи әңгіме өрбіді. Ардагерлер студенттерге соғыс жылдарындағы қиын кезеңдерді көздеріне жас ала толғана отырып әңгімелеп берді. Отанды сүю сезімінің қаншалықты жоғары екендігін, әрбір азамат ел басына күн туған сәттерде Отанды қорғау жолында жанқиярлық ерлікке дайын болу керектігін және Отанын қорғау әрбір азаматтың парызы екендігін  айтылды.

Шараның атқарылу нәтижесінде ардақты ардагерлер өскелең ұрпақтың олардың ерлігін ұмытпайтынына, құрмет тұтатына алғысын айтса, студенттер болса бұл кездесуден ардагерлердің әңгімелерінен мол ғибрат алып Отан деген ұлы ұғым жолында ұлы ерліктер жасалатының куәгері болып қайтты.

«Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану» кафедрасының оқытушылары:

Рсалдина Ғ.Т., Исаева М.И., Илгидаева С.М.