Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы

«Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика» кафедрасының меңгерушісі болып, т.ғ.к, проф., АХА-ның корр. мүшесі,  Нұрмағанбетова Мүгүльсүм Омарқызы жұмыс атқарып келеді. 1995 жылы

«Диагностикалаудың ақпараттық-технологиялық әдістерін дайындау және олардың негізінде автоматтандырылған жүйені құру» атты кандидаттық диссертациясын Әль-Фараби атындағы ҚазМУ-да қорғаса, 1999 жылы «Информатика» мамандығы бойынша доценттік атақ берілді. 2009 жылдан бастап АХА-ның  корр. мүшесі атағы бар.  65-тен астам ғылыми басылымдардың, оның ішінде 5 авторлық куәліктің авторы. «Медицинадағы информатика негіздері» (1997ж), «Медицинадағы жоғарғы математиканың негіздері» (2004ж) атты жарық көрген оқу құралдары бар. Әль-Фараби атындағы ҚазМУ базасы негізінде «Медицинадағы математикалық модельдеу » атты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Диагностикалау мен ауруды алдын-ала болжаудың ақпараттық-математикалық болжаулары» (2007ж) атты монографиясы жарық көрген.

Кафедра тарихы

Физика кафедрасы институттың алғашқы 10 кафедраларының бірі ретінде 1931 жылы 25 қарашада  құрылған. Кафедраның ұйымдастырылуы кезеңінде онда 4 адам болды (кафедра меңгерушісі, 2 оқытушы, 1 зертханашы). 1931-1932 жылдары физика кафедрасы сол кезде дәрістер оқылып, зертханалық жұмыстар жүргізілген ҚазПИ-дің ғимаратында орналасты. 1938 жылдан педиатрия факультетінің ашылуына байланысты кафедра штаты 7 адамнан құралды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра 3 факультеттің: емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық  студенттерімен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді, қызметкерлер саны 9 адамға жетті (кафедра меңгерушісі, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 зертханашы).

50-ші жылдардың екінші жартысында оқытудың сырттай және кешкі формаларының ұйымдастырылуымен, сонымен қатар фармацевтика мен стоматология факультеттерінің ашылуымен кафедрадағы оқу үрдісі көпсалалы болып қалыптасты. 1966 жылы кафедрада спектрлік зертхана құрылды, бұл кафедра қызметкерлеріне оқыту жұмысымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардағы микроэлементтердің құрамын анықтау» болды. Осы мезгілде кафедрада тек физика кафедрасының ғана емес, институттың басқа кафедраларының да құралдарын жөндеуге арналған механикалық шеберхана құрылды.

1975 жылдан кафедрада жаңа оқыту бағдарламасы игерілді, оған міндетті зертханалық сабақтары бар, емдеу және педиатрия факультеттерінің 2-курс студенттеріне арналған жаңа мамандық түрлері – медициналық электроника мен медициналық кибернетика және стоматология факультетіне арналған материал тану негіздері енгізілді.  Кафедра ұжымының күшімен оқытушылар мен студенттерге арналған қажетті әдістемелік құралдар жасалынды.

1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедра №2 оқу ғимаратына орналасқан.

 Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасының меңгерушілері 1931-2012жж.

Кафедраның негізін салушы – физика-математика ғылымдарының докторы Литвинов Всеволод Федорович, 1931 жылдан 1934 жылдары жұмыс істеді.; Масленников Исмаил Павлович – доцент, 1935 жылдан 1940 жылдары кафедрада меңгеруші болды.; Лазарев Петр Петрович – академик, КСРО ҒА биофизикалық зертханасының директоры, кафедрада 1941 жылдан 1942 жылдары меңгеруші болды.; Акулов Николай Сергеевич — академик, БССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1942 жылдан 1943 жылдары басқарды.; Слуцкий Абрам Александрович — академик, УССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1943 жылдан 1944 жылдары басқарды.; Масленников Исмаил Павлович — кафедраны 1945 жылдан 1954 жылдары басқарды. ; Казачевский Валентин Михайлович — доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚазССР ҒА асто-физикалық институтының Ғылыми хатшысы, физика кафедрасын 1955 жылдан 1972 жылдары басқарды.; Кұдұсов Жұмаш Кұдұсұлы — доцент, техника ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1972 жылдан 1984 жылдары басқарды.; Әдібаев Берік Мұкатұлы — профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1984 жылдан 2008 жылдары басқарды. 2008 жылдан бастап кафедраны АХА-ның корр. мүшесі., проф. Нұрмағамбетова Мүгілсім Омаровна басқарады.

     

Кафедра заманауи кезеңде

Қазіргі уақытта кафедра штаты 28 қызметкерден тұрады, олардың ішінде: 2  профессор, 6 доцент, 12  аға оқытушы және 8  оқытушы. Кафедрада ғылым саласының  әртүрлі бағытында зерттеулер жүргізіледі; 8 ғылым кандидаты,  1 магистрант.

Кафедрада оқыту МЖББС-2006 жылдың бағдарламасымен оқытылуда. Кафедра оқытушыларының көмегімен барлық методикалық нұсқаулар (жұмыс бағдарламасы, силлабустар, бақылау тестілік тапсырмалар және т.б.) дайындалды. ҚазҰМУ-де болондық үрдіс бойынша  жаңа медициналық білім моделі ендірілуде. Барлық оқытылатын пәндерден жаңа модель үлгісінде оқу  -әдістемелік кешендері бес құзыреттілік бағытымен жаңартылды.

Кафедра қызметкерлері бірінші, екінші, үшінші және төртінші курстың студенттеріне мынандай пәндерді:  биологиялық физика, информатика, математика, биологиялық статистика, денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар, медициналық электроника, медико-биологиялық үрдістерді бағдарламалау, талдаудың сандық әдістері және математикалық статистика, денсаулық сақтаудағы компьютерлік технологиялар.

Кафедрада 8 компьютерлік кластар, 4 оқу-зертханалық және 6 оқу-зертханалық бөлмелер бар. Оқу үрдісінде оқытудың техникалық құралдары мен студенттердің біліміне бағдарламалық бақылау кеңінен қолданылады.

 

Кафедраның ғылыми іс-әрекеттері

Кафедраның ПОҚ бойынша соңғы 3 жылдық ғылыми басылымдары(мақала) – 74, оның ішінде:

  • 2 монография,
  • 1 оқулық,
  • 7 оқу-әдістемелік кешен,
  • ғылыми  статьялар -65. (таяу және қиыр елдерде: г.Тель-Авив. Израиль, г.Praga Республика Чехия, г.Екатеринбург РФ, г.Липецк РФ, г.Самара РФ, г.Нальчик Кабардино-Балкарская Республика, г.Новосибирск РФ, г.Барнаул РФ)

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі-бір ғылыми бағдарламалар шеңберінде дербес түрде жүргізіледі. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары негізінен басқа ЖОО-ның базасында (Әль-Фараби атындағы ҚазМУ, Абай атындағы ҚазҰПУ және т.б.) жүргізіледі.  Атап айтқанды: Нұрмағанбетова М.О., т.ғ.к., доцент. Тақырыбы: «Диагностикалау мен ауруды алдын-ала болжаудың ақпараттық-математикалық болжаулары» мамандық  шифры: 05.13.16., Андаспаева А.А., ф-м.ғ.к., доцент. Тақырыбы: «Болашақ мамандардың әлеуметтік жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық-методологиялық негізі» мамандық шифры: 130001. ,  Шадинова К.С., п.ғ.к., доцент. Тақырыбы: «Мектеп физика курсында электроника элементтерін оқыту әдістемесі»  мамандық шифры: 13.00.02. «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі». , Байдуллаева Г.Е., ф.-м.ғ.к., доцент. Тақырыбы: «Жылу физикасы және теориялық жылу техникасы» мамандық шифры: 01.04.14, Аймаханова А.Ш., ф.-м.ғ.к. доцент. Тақырыбы: «Дифференциал теңдеулер» мамандық шифры: 01.01.02.; Абирова М.А., п.ғ.к., доцент «Медициналық ЖОО-ын бітірушілердің кәсіби шеберлігін бағалаудың педагогикалық технологиясы». , Садуакасова Г.М., оқытушы. Тақырыбы: «Статистика бағыты бойынша болашақ мамандарды информатика мен ақпараттық технологияларға оқыту әдістемесі». Мамандық шифры: 13.00.01.  , Раманқұлова А.А., аға оқытушы. Тақырыбы: «Математиканың қазіргі сабақтарының тиімділігін арттыру». , Джаханова Б.Н.,  аға оқытушы. Тақырыбы: «Медициналық ЖОО-ғы физика курсының  «Термодинамика» бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» мамандық шифры 130211(372.800.1.01)., Алтекова И.С., аға оқытушы. Тақырыбы: «Практикалық-жобалар негізінде бастауыш курстарды ақпараттық технологиялар бойынша дайындаудың жетілдірілуі»., . Нуртаева Г.К.,  аға оқытушы. Тақырыбы: «Электронды-оптикалық хронографиядағы электрондық айналардың кеңістіктік-уақыттық өтпелі сипаттамалары» шифры № 1-4-1.4-8(536.46).  , Досқараева Г Тақырыбы: «Сұйықтардың беттік керілу және ішкі үйкеліс коэффициенттеріне кремнезем және гелиоземнің әсері».

 

Студенттердің ғылыми жұмыстары

Кафедрада СҒҮ тұрақты жұмыс істейді. Үйірме,  тақырыбы негізінен кафедра қызметкерлерінің ғылыми қызығушылығы бойынша анықталатын нақты жоспар бойынша жұмыс істейді.

Кафедраның ғылыми жұмыстары негізінен медициналық биофизиканың, информатиканың және математикалық статистиканың медицинада қолданылуы аясына негізделген.

Кафедрада әр жыл студенттердің ғылыми жобалары дайындалып, конференцияларда  атап өтілуде. 2008-2009 оқу жылында Университетте Ғылым күніне арналған «Студент и научно-технический прогресс» атты конференциясында «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс 062 топ студенті Панарбек Гүлназ «Macromedia Flesh программасының көмегімен дайындалған электронды оқулық» атты ғылыми жобасымен 1 орынды иеленді.  (ғылыми жетекшісі оқыт. Баракова А.Ш.).

Кафедраның ПОҚ жетекшілігімен студенттердің ғылыми жобалары интерактивті технологияларды пайдаланып, құрылған презентацияларында медициналық берілгендерді компьютерлік статистикалық бағдарламасы негізінде өңдеу дайындалды.

 

Тәрбие жұмыстары

Кафедра «Жалпы медицина», «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент»   факультеттерінде тәлімгерлік жұмыс атқарады,  олармен төмендегідей шаралар: конкурстар мен концерттер өткізіледі; мұражайларға, театрларға, Алматының көрікті жерлеріне саяхаттар жасалынады; оқытушылар студенттермен бірге қала өміріндегі шараларға (спартакиадалар, өре бәйгелер, сенбіліктер) белсене қатысады.

Қоғамдық жұмыстар:

Барлық қызметкерлердің қоғамдық жұмыстары бар, университет өміріне белсенді түрде араласады. Қызметкерлердің басым бөлігі қоғамдық тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды. Кейбір қызметкерлердің қоғамдық жұмыстары университет әкімшілігі тарапынан да, денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да бірнеше рет аталып өтілген.

Поисковые слова::