«Тілдарын – 2012» олимпиадасы

Шет тілдер кафедрасы

«Тілдің үштұғырлылығы» мәдени жобасын және ҚазҰМУ-да құрастырылған үш тілде оқыту концепциясын іске асыру мақсатында шет тілдер кафедрасы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», факультеттерінің 1, 2 курс студенттері арасында «Тілдарын – 2012» олимпиадасын өткізді (Жауаптылар:кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я., кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт. Садыкова А.А.).

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1 кезең – кафедрада ауызша әңгімелесу және 2 кезең – олимпиадаға қатысушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Мен және менің болашақ мамандығым» тақырыбына презентация. Барлық олимпиадаға қатысушылар тапсырманы орындауда іскерліктерін көрсетті, хабарламаларды еркін жеткізді және презентацияларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қорғады, шешендік қабілеттіліктерін көрсетті, презентацияны қорғау кезінде слайдтарды, суреттерді және басқа да ақпараттық материалдарды тиімді пайдаланды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар белгіленді:

 

Гран при — Арызбекова Алия, ЖМ факультетінің 12-024 (1) топ студенті

I орын – Ким Юн Джу, стом. факультетінің 11-007 (1) топ студенті

II орын –Алихан Рафат, ЖМ факультетінің 11-037(2)  топ студенті

II орын –Кожабаевой Мадине,  ЖМ факультетінің 12-034 (2) топ студенті

III орын –Болаткызы Асель, ЖМ факультетінің 2-043(1) топ студенті

III орын –Калиуллаеву  Берику, ЖМ факультетінің 12-041 (1) топ студенті

III орын –Алтынбековой Акдане, стом. факультетінің 11-006 (1) топ студенті