Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаев стипендясын 10 мыңның ішінен 10 үздік магистрант иеленді, оның ішінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің медицина мамандығының 2 курс магистранты Мырзабекова Айгүл.

2012 жылдың 21 қыркүйегінде Ұлттық евразия университетінде  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі Бақытжан Жұмағұлов Назарбаев Стипендиясының 10 иегеріне салтанатты түрде сертификат және төс белгілерін табыс етті.

Оқудағы үздік көрсеткіштері, ғылыми зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚР БжҒМ-нің Республикалық байқау комиссиясымен 10000 үміткердің ішінен  ұлттық жоғары оқу орындарының 10 үздік магистранты іріктеліп алынды.

Ведомство басшысы үздік магистранттарға стипендияны табыстай отырып, олардың  былтыр ғана тағайындалған  бірегей Назарбаев стипендиясының иегерлері болып отырғандығын атап өтті. Бұл ел Президенті деңгейіндегі мойындауының жоғары және мемлекеттіміздің ерекше назарының белгісі.

Поисковые слова::