Ұлы Жеңіс күні жадымызда

Биыл еліміз Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 67 жылдығын атап өткелі отыр. Отан үшін қан-қақсап майданда от кешкен ата­ларымыз бен әкелеріміздің, әже­лері­міз бен ана­ларымыздың жан­қияр­лық ерліктері мен тылда еңбек еткендердің қажыр-қайраты ұрпақтан-ұрпаққа жететін өшпес үлгі, өлмес өнеге. Осы күндері елімізде қоғам­дық-әлеуметтік, мәде­ни шара­лар өткізіліп, ерлікке тағзым етілуде. Қарағанды мемлекет­тік техникалық унмверситетінде ұйым­дасты­рылған 27 сәуір күні өткізілген “ XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы ” атты ғылыми-тәжірибелік кон­ференция жас ұр­пақ­тың жадында соғыстың қанша­лықты қасірет әкел­генін жаң­ғыр­ту, оған тарихи баға беру және жан-жақты терең зерт­телуін нақ­ты­лай түсудегі айшықты шара болды. Конференцияға келесі секциялардың жұмысы жоспарланады:

1.«Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқы Жеңісінің әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлары»

2. «Ұлы Отан соғысы батырларының өнегесінде қазіргі заман жастарына  патриоттық тәрбие беру»

3. «Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы»

 Оған еліміздің түкпір-түпірінен келген студенттер қатысты. Олар Ұлы Отан соғысы тари­хының зерт­телуі жайында өзара пікір алы­сып, толғақты ой­ларын ортаға салды. Баяндамашылар шығып сөйлеп, Ұлы Отан соғысының көп са­ла­лы тарихы туралы әңгімеледі. 2 — секция бойынша «Фармация» факультетінің 11-003 тобының студенттері: Исламова Гүлбану мен Тыныбекова Жансулу «Кеңес Одағының батырлары: М.Мәметова және В.Иваниловтың  ерліктері жастарға өшпес өнеге» тақырыбында баяндама оқыды. Олар медицина университетінің ержүрек студенттері жайында толыққанды баяндама жасады.

3- секция бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 231-1 тобының студенті Шайсұлтанова Гүлім өзінің туған атасы туралы толыққанды баяндама жасап, өзінің атасына деген жүрекжарды жыр жолдарымен аяқтады.

Бұл баяндамалар жинаққа кірді. Конференция соңында қатысушылардың барлығын «мадақтама хатымен» марапатталды.

Сертификат

 

Қазақстан тарихы, саясаттану секциясының

аға оқытушылары: Рсалдина Ғ.Т., Жолдыбаева С.А.                                       

Исламова Гулбану 1 курс Фарм – 003 топ студенті