1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күні

2012 жылдың 29 қарашасында сағат 12.00-де с.ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің Мәншүк Мәметова атындағы 1-дәрісханасында «философия және әлеуметтану» және «Қазақстан тарихы және саясаттану» модульдері тарапынан ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» күніне арналған студенттік конференция өтті. Конференцияға «философия және әлеуметтану» мен «қазақстан тарихы және саясаттану» модулдерінің меңгерушілері ф.ғ.к., доцент Бисембаева З.У. және Рсалдина Ғ.Т., сонымен қатар модуль оқытушылары Тулентаева К.Ә., Бисембаева Р.И., Баженов Р.А., Нагайбаева З.А., Рыскиева А.А., Жолдыбаева С.Ә., Исаева М.И., Жолдыбаева С.Ә., Абразакова Н.А., Анасова К.Т., Илгидаева С.М., Жусупова К.Н., Тәуекелова Т.Б., Таттібек Н.М. қатысты. Конференцияға қонақ ретінде Қазақ Түрік Сулеймен Демирел атындағы университетінің ректор кеңесшісі т.ғ.д., профессор Мұхтархан Оразбай қатысып, Түркиядан Қазақстанға келген 20 жыл уақыттағы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бастамасымен істеген нақты жұмыстарға өте жоғары баға беріп, аталған мейраммен студенттерді құттықтады.

Конференцияны «философия және әлеуметтану» модулдерінің меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Бисембаева Зинагул Убайдайқызы алғысөзінде  бұл іс-шараның студенттер тарапынан тұңғыш рет өткізіліп отырғандығын айтып конференцияны ашық деп жариялады. Одан әрі «Қазақстан тарихы және саясаттану» модулінің меңгерушісі Рсалдина Ғанижамал Төлейқызы өзі сөзінде Республиканың түкпір-түкпірінде Президенттік оқулардың өтіп жатқаны белгілі, біздің бүгінгі өткізіп отырған конференциямыз сол шаралардың сабақтастығы деп баяндады.

Конференцияда студенттер ҚР тұңғыш Президентінің өмірбаяны, қызмет жолдары, ҚР саясатындағы реформалары және оның оң нәтижелері, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы алатын орны, Елбасының ҚР халқына жыл сайынғы Жолдауларының маңызы туралы студенттер тарапынан баяндалды.

Көнференцияда студенттердің жеке шығармашылығынан Елбасымызға деген ыстық ықыластарын жүрек жарды өлеңдерімен білдірді.

Конференция барысында студенттер Ұлт көшбасшысы туралы жан жақты мағлұматтармен таныса отырып, Қазақстан халқына және дүние жүзілік дамудағы үлесін, әсіресе жастарға деген қамқорлығына көз жеткізді.

Поисковые слова::