10-14 қыркүйек аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Ахмет Байтұрсынов оқулары» атты апталықтың есебі

Қыркүйек айының 10-14 күндері аралығында кафедра ұжымының ұйымдастыруымен «А.Байтұрсынов оқулары» атты апталық өтті. Апталық кезінде кафедра оқытушылары университет студенттерін А.Байтұрсынұлының мұражай-үйіне апарып, ғалымның өмірі мен шығармашылығы  туралы  ашық сабақтар өткізді. 14 қыркүйек күні университеттің Даңқ залында А.Байтұрсынов оқулары апталығы аясында «А.Байтұрсынов – қазақ халқының ар-ожданы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу барысында университет кітапханасы «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кездесуге А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі ахметтанушы Райхан Сахыбекқызы Имаханбетова, мұражай қызметкері Қайдар Бәйдібек және ғалымның ұрпақтары Айман апай мен Меруерт апай келді. Сонымен бірге кешке «Ұлт болмысы» журналының редакторы Гүлжанар Амантайқызы қатысты.  Бұл кеш осы апталықтың қорытындысы іспеттес болды. Кештің ашылу салтанатын  қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты  Т.Қ.Зайсанбаев ашып, кеш қонақтарымен таныстырды. Алғашқы сөз кезегін оқу-әдістемелік жұмыс бойынша  департаменттің директоры, доцент М.А.Абирова алып, өқттықтау сөз сөйледі. Құттықтау сөзден кейін кезекті баяндамашылар алды. А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Р.С.Имаханбетова «А.Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» деген тақырыпта баяндама жасады. Онан кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, грамматика бөлімінің жетекші маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор О.Жұбаева «А.Байтұрсынұлы тағлымы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ал С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.Қ.Зайсанбаевтың «Медициналық терминдердің жасалуы және қазақ орфографиясының кемшіліктері» деген тақырыпта жасаған баяндамасында медициналық терминдердің жасалуына қазіргі қазақ әліпбиінің тигізіп жатқан зияны туралы сөз болды. Кеш қонақтары мұражай қызметкері Қайдар Бәйдібек және ғалымның ұрпақтары студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ғалымның өмірінің көпшілікке беймәлім жақтары туралы әңгімеледі. Сондай бұл кеште А.Байтұрсынұлының өлеңдері оқылып, «Аққұм», «Екі жирен» сияқты әндері шырқалды. Кешті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Қ.Суатай қорытындылап, осы кештің өтуіне көмегін тигізген, университет басшыларына, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры мен қызметкерлеріне, ғалымның туыстарына және осы апталықты өткізуге жауапты болған кафедра оқытушылары Т.Қ.Зайсанбаев, Б.Н.Канленова, Ф.Б.Қожахметоваларға алғысын білдірді.

Поисковые слова::