2012 жылдың 18 сәуірінде сағат 15.00-де «Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Мұздыбай Құнантайұлының 85 жылдық мерейтойы мен қазақтың ұлы мейрамы – Наурызға арналаған мерекелік іс-шара атап өтілді

Қатысқандар саны: 30 студент және кафедра ұжымы және.

Жүргізушілер:  мейірбикелік іс факультетінің 1 курс, 2 топ студенттері Нағашыбай Аяулым және Айжарық Шерхан.

  1. «Мейірбике ісі» мамандығының 1-курс студенттері іс-шараны әнұранмен бастады.
  2. Кәсіподақ комитетінің төрағасы профессор У.М.Датхаев сөз сөйледі.
  3. Ректордың кеңесшісі профессор Ж.Ғ.Мустафина тілек білдірді.
  4. Ардагерлер кеңесінің төрайымы К.У.Урумбаева сөз сөйледі.
  5.  «Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану» кафедра меңгерушісі ф.ғ.к.,доцент З.У.Бисембаева барша қатысушыларды мерекемен құттықтады.
  6. Университетіміздің қонағы Түркия  Республикасының Стамбул университетінің визитинг-профессоры Хаяти Тюфекчиоглуға сөз берілді.
  7. «Мейірбике ісі» мамандығының 1-курс студенттері Мұздыбай  Құнантайұлының 85 жылдық мерейтойына арнап «Ұстазым» әнін хормен орындады.
  8. «Мейірбике ісі» мамандығының 1-курс студенті Елжанова Ақтоты Айтбай Кәріковтың «Ұстазыма» өлеңін оқыды.
  9. Фармация факультетінің 2 курс студенті Ермұхамбетов Дана «Адай» күйін орындады.
  10. Жалпы медицина факультетінің 2-курс студенті Айгерім «Тойбастар» биін орындап шықты.
  11. «Мейірбике ісі» мамандығының 1-курс студенті Айжарық Шерхан Мұқағали Мақатаевтың Бауыржан Момышұлына арнаған монологін оқыды.
  12. Ақ кимешек киген әже Наурыз мейрамымен құттықтап, бата берді. «Наурыз шашу» болды.
  13. «Мейірбике ісі» мамандығының 1-курс студенті Сақтағанова Ақжүніс қазақ биін биледі.
  14. Жалпы медицина факультетінің 2-курс студенті айқынқызы Гүлмарал «Наурыз» өлеңін оқыды.
  15. «Мейірбике ісі» мамандығының 1-курс студенті Елжанова Ақтоты Орынбай Жолдыбайдың «Наурыз» өлеңін оқыды.
  16. Қорытынды сөз кезегі Ғанижамал Төлеевнаға берілді.
  17. «Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану» кафедрасының оқытушысы М.И.Исаева қатысушыларға алғысын білдірді.
  18. Қонақтар мерекелік дастарханға шақырылды.

Ұйымдастырушылар:

  1. Бисембаева З.У.
  2. Рсалдина Ғ.Т.
  3. Жолдыбаева С.А.
  4. Исаева М.И.