23 cәуір 2012 жыл

Сағат 11.00-13.00 уақыт арасында, 401 аудиторияда 1 курс, ЖМ 025 тобына «Саясаттану» пәнінен Исаева Мейрамгул апайымыздың жетекшілігімен «Саяси партиялар» тақырыбы бойынша «ролдік ойын» әдісі негізінде дебат сабағы өтті. Сабаққа қатысқандар: кафедра меңгерушісі Бисембаева З.У., Рсалдина Ғ.Т., Илгилдаева С.М.

Оған еліміздің беделді үш саяси партиясы қатысты. Олар:

  • « Нұр Отан » партиясы
  • « Руханият» партиясы
  • « Қазақстан Патриоттар» партиясы
  • «Нұр Отан» партиясының -өкілі Тұңғатар Гулнур
  • «Руханият» партиясының өкілі — Сомбаева Айгерим
  • «Патриоттар партиясының» өкілі — Бегімқұлова Айжан

Дискуссиялық сабақты жүргізуші Құрбанова Перизат өз сөзімен отырысымызды ашып, партия өкілдерін таныстырып өтті.

Алғашқы сөз кезегі «Нұр Отан» партиясының өкілі-Тұңғатар Гулнурға берілді.Ол өз партиясының құрылу тарихын, жетістіктерін баяндады және 2012 жылы сайлауда жинаған даусын сараптап, алға қойған мақсаттарын атап айтып өтті. Енді аудиториядан сұрақ жауап кезегіне берілді. Берілген сұрақтарға қосымша ретінде партия мүшелері Бектурсунова Т, Өтемұрат А. жауап берді. Сөз кезегі «Руханият» партиясының өкілі Сомбаева Айгеримге берілді. Ол өз партиясы жайлы мәліметтер беріп, бағдарламаларын таныстырып, міндеттерін атап көрсетті. Келесі сөз кезегі «Қазақстан Патриоттар» партиясының өкілі Бегімқұлова Айжанға берілді, ол да өз кезегінде өз партиясының ұстанымын,т арихымен таныстырып, міндет мақсаттарын атып кетті.

Амиралиев Айдос, Дәулетбаева Ақмарал «Руханият» партиясына сіздер қазіргі таңда тіл мәселесін көтеріп жүрсіздер және осыған байланысты қандай бағдарламалар өкізіп жатырсыздар деп өзін қызықтырған сұрағын қойды.  Әметов Азамат, Елеу Жанар.

Барлық партия өкілдеріне аудитория көрермендері көкей кесті сұрақтарын қойып, дискуссиялық сабағымыз өте тартысты өтті.

Сабағымыздың соңында «Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану» кафедрасының аға оқытушысы Ғанижамал Төлеевна өз сөзінде дебат сабақтың өте жақсы өткендігін айтып, студенттердің дайындығын жоғары бағалап қорытындылады.