«Тілдарын – 2012» олимпиадасы

Шет тілдер кафедрасы

«Тілдің үштұғырлылығы» мәдени жобасын және ҚазҰМУ-да құрастырылған үш тілде оқыту концепциясын іске асыру мақсатында шет тілдер кафедрасы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», факультеттерінің 1, 2 курс студенттері арасында «Тілдарын – 2012» олимпиадасын өткізді (Жауаптылар:кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я., кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқыт. Садыкова А.А.).

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды: 1 кезең – кафедрада ауызша әңгімелесу және 2 кезең – олимпиадаға қатысушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Мен және менің болашақ мамандығым» тақырыбына презентация. Барлық олимпиадаға қатысушылар тапсырманы орындауда іскерліктерін көрсетті, хабарламаларды еркін жеткізді және презентацияларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қорғады, шешендік қабілеттіліктерін көрсетті, презентацияны қорғау кезінде слайдтарды, суреттерді және басқа да ақпараттық материалдарды тиімді пайдаланды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар белгіленді:

 

Гран при — Арызбекова Алия, ЖМ факультетінің 12-024 (1) топ студенті

I орын – Ким Юн Джу, стом. факультетінің 11-007 (1) топ студенті

II орын –Алихан Рафат, ЖМ факультетінің 11-037(2)  топ студенті

II орын –Кожабаевой Мадине,  ЖМ факультетінің 12-034 (2) топ студенті

III орын –Болаткызы Асель, ЖМ факультетінің 2-043(1) топ студенті

III орын –Калиуллаеву  Берику, ЖМ факультетінің 12-041 (1) топ студенті

III орын –Алтынбековой Акдане, стом. факультетінің 11-006 (1) топ студенті

Поисковые слова::

10.09.2012

Шет тілдер кафедрасында қыркүйек айының 10 күні ХХХ жазғы олимпиадада  қазақстан спортшыларының жеңісіне арналған әңгіме өткізілді.   12-001  МІ  (1), ( жауапты оқыт. Ибраева А.С.) , 11-004 ФА (2) (жауапты оқыт. Тилембаева А.А.), 12-001 ҚДС(1), (жауапты оқыт. Ибрагимова А.М.) топ студенттері алтын, күміс және қола медалдарға қол жеткізген спортшылар, ауыр атлетикадан 2 дүркін олимпиада жеңімпазы аталған Илья Ильин, боксшы Серік Сапиев, Адильбек Ниязымбетов және Марина Вальнова  туралы жетістіктерін, олимпиада жеңісі елімізде спорт түрлерінің дамуына үлес қосатынын баяндады.

 

Шет тілдер кафедрасында «Мәңгілік естен шықпас есімдер» атты дөңгелек үстел өткізілді. (жауапты оқытушылар: аға оқыт. З.М.Мезгильбаева, оқыт. З.Т.Ултанбекова.)

Дөңгелек үстелді ұйымдастырудың негізгі мақсаты болашақ жастарды Отанды сүюге, өзге ұлт өкілдерін ата-бабаларымызды құрметтеуге тәрбиелеу. Іс шараға Жалпы медицина факультетінің 11-038 (1,2), 10-012 (1)топтары  және кураторлық топтарының (10-048, 10-049, 10-050) студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасы төмендегідей:

1. Ұлы Отан соғысының тарихы.

2. Соғыс жылдарындағы бейне материалдар мен  көріністер.

3. Сұрақтар бойынша пікір-талас.

Іс шараның соңында студенттер ҚазҰМУ-дағы қаһарман медиктердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Modern student. What qualities does he possess?

Шет тілдер кафедрасында «Modern student. What qualities does he possess?» атты конкурс өтті (ұйымдастырушы аға оқытушылар Бикташева Г.М., Унасбаева Г.А.). Бұл конкурсқа  Жалпы медицина факультетінің 11-051(2), 11-052 (2),  11-044 (1, 2) топ студенттері қатысты. Команда капитандары Умирханова Альфия және Әбдіманап Амитахун. Сайыстың жүргізушісі 10-043 (1) топ студенті  Смагина Ирина.

Читать далее

Поисковые слова::

Let’s talk about love

Шет тілдер кафедрасында “Let`s talk about love” тақырыбы бойынша Жалпы медицина факультетінің 11-034 (1,2) топтарында факультативтік сабақ өткізілді. (жауапты оқытушылар Ибрагимова А.М., Жумагулова К.Ж.). Сабақтың мақсаты: студенттерді қазақ жазушылары мен ағылшын жазушысы У. Шекспирдің шығармаларымен таныстыру және студенттердің шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттару. Студенттер Шекспирдің «Ромео мен Джульета» трагедиясынан үзінділер көрсетті. Сонымен қатар сонеталардан үзінділер оқылды. Викториналар ойналды және костьюмдер мен реквизиттер дайындалды.

Қазақ салт-дәстүрлері

Шет тілдер каферасының   оқытушылары  “Қазақ салт-дәстүрлері” тақырыбында 11-022-2ЖМк, 11-012-2ЖМк факултет студенттерімен бірге іс-шара  өтілі.

Ашық іс-шараның мақсаты: студентерді патриоттыққа тәрбиелеу, студенттерге  қфзфқ салт-дәстүрін таныстыру.

Поисковые слова::

«Неміс халқының салт-дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс-шара өткізілді

14 наурыз 2012 жылы шет тілдер кафедрасында «Неміс  халқының салт-дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс-шара өткізілді. Жауапты оқытушылар Еленова А.К., Турумбаева Р.Р. және 11-007 топ жалпы медицина факультетінің студенттері. Іс-шараның мақсаты: студенттерге неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, олардың көзқарасын, ой-санасын дамыту және мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру.

Читать далее

Поисковые слова::