Кафедраның ғылыми жетістіктері

Қоғам  мен  ғылымның  дамуы  тіл    біліміне  өз  ықпалын  тигізері  айқын.  Осыған  орай  тіл  білімінің  әр  түрлі  салаларында  өзіндік  үлестерін  қосып  жүрген  кафедра  оқытушылары халықаралық, республикалық, ғылыми-тәжірибелік т.б. көптеген  конференцияларға қатысып тұрады. Республикалық баспасөз беттерінде, оның ішінде, ғылыми жинақтар мен журналдарда мақалалары үнемі жарық көріп тұрады. Сонымен қатар, кафедра қызметкерлерінің еңбектері  кітап болып басылды. Олар еліміздің кітапханаларында (ҒАк, ОҰк, ЖОО кітапханаларында) бар.  Оқулықтарды кез-келген студент, аспирант, ізденуші, ғылыми қызметкерлер пайдалана алады. Сондай-ақ бұл еңбектерді ҚазҰУ, ҚазПИ, «Қайнар» университеттері оқу үрдісінде қолдануда.

2009 жылдың 3 желтоқсанында кафедра ұжымының  ұйымдастырумен «Медицина  білімі – мемлекеттік   тіл  аясында»  атты   республикалық  ғылыми-практикалық  конференция өткізілді. Конференцияға республикамыздағы беделді ғалымдар, қазақ тілінің жанашырлары қатысты.

Университеттің ұйымдастыруымен 2011 жылдың қазан айында Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Аталған конференцияда баяндамалар тыңдалып, шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, кафедрада студенттердің  ғылыми  зерттеу  жұмысы  жақсы жолға қойылған.  Жыл сайын студенттік ғылыми конференция өткізіледі. Болашақ маман  ретінде  студенттер  әр  түрлі  тақырыпта  өздік  жұмысын  жазу  барысында  кәсіби  тілді,  жазу  ілімін,  сөз  жүйесін  т.б.  меңгереді. Конференция жеңімпаздарының еңбектері   Хабаршы  жинағына шығып тұрады.