УНИВЕРСИТЕТ КҮНДЕРІ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ШАРА

Желтоқсан айының 4-і күні «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің ұйымдастыруымен Университет күндеріне арналған жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында  «Әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсері» атты   С.Ж Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ-де дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға ҚазҰМУ студенттерімен қоса, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, UIB және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері қатысты.

Дөнгелек үстел барысында Қазақстан экономикасына әсер ететін  мәселелерге баяндама оқылып, сұрақтар қойылып, шешу жолдары талқыланды. Дөнгелек үстел 3 бөлім бойынша жүрді. 1бөлімде атай кететін болсақ, Т.Рысқұлов ат.ҚазЭУ студенті Тыныштық Айдананың «Кеден Одағы аясындағы Қазақстанның негізгі мәселері» және UIB университетінің студенті Толеукулова Диянаның  «Қазақстан кедендік одақта, қазіргі жағдайы және даму болашағы» атты тақырыптарда, Қазақстан, Ресей, Беларус елдеріндегі Одақтың тиімді жақтары және тиімсіз тұстары айтылып кетті.Осы бөлімде  Т.Рысқұлов ат.ҚазЭУ студенті Андасбаева Ботагөздің «Қазақстанның ДСҰ-на кіруі. Азақ түлік мәселесі» қарастырылды. Сонымен бірге Ботагөз Қазақстанның сауда бренді ретінде құртты алуымызды ұсынып кетті.АҚШ еліндегі coco-cola сияқты, құртты Қазақстан сауда брендіне айналдырып,бүкіл әлемге танытайық  деп,құртты өндіріске түсіру айтылды . Сонымен бірге UIB университетінің студенті Аубакирова Жанерке «ҚР ауыл шаруашылығын дамыту жолдары» тақырыбында баяндама оқып, өз ұсынысы ретінде ауыл шаруашылығын дамытуда шағын және орта бизнеске көңіл бөлуге мән берді. Ауыл шаруашылығымен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауды ұсынды. 1-ші бөлім бойынша «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің оқытушысы Сериева Жанар ой қортындылады.

2 бөлімде Т.Рысқұлов ат.ҚазЭУ студенттері Талғатқызы Жансая мен Терекбай Айнұр «Еңбек нарығының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау» тақырыбында  баяндама оқыды. Ал С.Ж.Асфендиаров ат.ҚазҰМУ студенті Әскербек Айгерім «ҚР жұмыссыздық мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. Осы бөлімде С.Ж.Асфендиаров ат.ҚазҰМУ студенті Шарапиева Үміт «Жастарды жұмыспен қамту» баяндамасы барысында жастар арасындағы жұмыссыздықтың барлық елдердегі мәселе екендігін және жастарды жұмыссыздығының бірден бір мәселесі тәжірибе жоқ болуы екені айтылды. С.Ж.Асфендиаров ат.ҚазҰМУ студенті Майдан Айман «Состояние и проблемы рынка труда РК в условиях мирового кризиса» тақырыбында баяндама жасап, өз пікірін білдірді. Бұл бөлім бойынша «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің оқытушысы Аязбаева Гүлнұр өз  пікірін білдіріп кетті.

3 бөлімде  Сапарова Тоғжан «ҚР денсаулық сақтау жүйесінің негізгі мәселелері» атты баяндамасында ҚР-да «Денсаулық», «Жәрдем» поездері бар екендігі, бірақ темір жол жоқ аймақтарда  бұл шара іске аспай отырғанын атап өтті. Осы мәселеге орай ол ұсыныс ретінде ҚР-да жедел жәрдем ретінде,шалғай аудандарға қатынайтын тікұшақты ұсынды. Дөнгелек үстел барысында білім мәселесі де сырт қалмады. Бұл тақырыпта С.Ж.Асфендиаров ат.ҚазҰМУ студенті Қалдыбай Жұлдызай «ҚР білім жүйесіндегі мәселелер»атты баяндамасында пайымдады. «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің оқытушысы Әбіш Ержан 3 бөлім бойынша өз пікірін айтып, ой қортындылады.

Дөңгелек үстел соңында ресми бөлім, бейресми бөлімге ауысып фуршетпен жалғасты.

 

Шарапиева Үміт «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенті